Жалағаш кентінде жабық бассейн кешені пайдалануға берілді
Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында жалпы спорт саласын дамыту үшін ең бірінші спорт инфрақұрылымын кезең-кезеңімен салуды қамтамасыз етуді тапсырды.
Осыған орай ауданда спорт саласының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында Қайыржан Құлтекеновтың жеке қаражаты есебінен Жалағаш кентінде құны 320 млн. теңгені құрайтын жабық бассейн кешені салынып, пайдалануға берілді.
Кешенде 19 адам жұмыспен қамтамасыз етіліп, үйірмеге 100-ге жуық балалар қамтылып, күніне 30 адамға дейін ақылы қызмет көрсетуде.
Аудан орталығынан демеушілік қаражат есебінен балаларға арнап спорт және ойын алаңы салынып, пайдалануға берілді. Аудандық бюджеттен бөлінген 14 млн. теңгеге 3 шағын спорт алаңы салынды.
Жалағаш кентінде жалпы құны 471 млн теңгені құрайтын дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысына 217,3 млн. теңге қаржысы бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылы нысан пайдалануға беріледі.
Жыл аяғына дейін кент орталығынан «Айбар-Ш» ЖШС демеушілік есебінен балаларға арналған Стритбол алаңы салынып, аудан тұрғындарының игілігіне беріледі.
Спорт – денсаулық кепілі десек, ұлттық бұқаралық спортпен тұрақты түрде айналысатын аудан халқы саны 10 664 яғни 30,3 пайызды құрайды.
Алдағы уақытта 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 35 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда