Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Байқоңырда балабақша меңгерушісі ұсталды

Байқоңырда балабақша меңгерушісі ұсталды

Kyzylorda-news.kz. Байқоңыр қаласында бюджет қаражатын жымқырған балабақша меңгерушісі ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ғарыш кешенінің прокуратурасы ұсынған мәліметке сәйкес, балабақша жетекшісі бірнеше ай бойы қала бюджетінен ақшаны қылмыстық жолмен ұрлап келген.

«Алдымен балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушы жұмыс уақытын тіркеу табелі мен бұйрыққа қосымша жұмыс туралы жалған мәлімет енгізіп отырған. Шын мәнінде, қызметкерлер ол жұмысты жасаған жоқ. Ал жалақы төленетін күні балабақша меңгерушісі бухгалтериядан қосымша жұмыстың көлемін анықтап, ақшаны жинап тұрған», – дейді прокурорлар.

Мекеме қызметкерлері одан қорқып, ақшаны беріп отырыпты. Құқық қорғау органдарына да хабар бермеген. Себебі балабақша басшысы қызметін пайдаланып, өш алады деп қауіптенген. Ал мектепке дейінгі мекеменің жетекшісі әрбір қызметкерден 10 мың рубльге (60 мың теңге) дейінгі «артық жұмыстың ақысын» жинаған.

Қазіргі кезде қылмыстық іс қозғалды. Осы оқиғадан кейін Байқоңырдағы барлық балабақшада тексеріс өткізуге шешім қабылданды.
25 қараша 2021 ж. 102 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области