ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ТУРАЛЫ ДӘРІСТЕР
№8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатында өрт қауіпсіздігі туралы дәріс өтті. Оны Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасы халыққа хабар беру және оқыту тобының бас маманы, азаматтық қорғау подполковнигі Айнұр Алдажарова жүргізді.
Сала маманының дәрісті интернат мұғалімдері мен осындағы 7-8 сынып оқушыларына «Өрт болған жағдайда балалардың іс-әрекеті және жүріс-тұрыс ережелері» тақырыбында өткізді. Осылайша, өрт қауіпсіздігі ережесі туралы түсіндіру жұмыстары жасалды.
Сонымен бірге, №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернаты ғимаратындағы алғашқы өрт сөндіру құралдары мен өрт қауіпсіздігі бұрышы және оны өрт туындағанда пайдалану ережесі туралы айтылды.
Сабақ соңында №8 облыстық арнайы санаториялық мектеп-интернатының директоры Е.Ақшалов мектеп ұжымы мен оқушылардың атынан қауіпсіздік бағытындағы дәрістері үшін департаменттің бас маманы Айнұр Сағынышқызына алғыс білдірді.
Қызылорда облысы ТЖД