Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Шағын өндірісін іске қосқан кейдендік кәсіпкер Қасым Әбжаппаров

Шағын өндірісін іске қосқан кейдендік кәсіпкер Қасым Әбжаппаров

Жаңақорған ауданы Кейден ауылында жүгері сусынын шығаратын «Кәусар» шағын кәсіпорын іске қосылды. Аудан әкімі Ғалым Әміреев пен зиялы қауым өкілдері қатысқан салтанатты шара кәсіпорынның ішкі мүмкіндігімен танысумен басталды. Оның егесі мемлекет қолдауын сезініп, шағын өндірісін іске қосқан кейдендік кәсіпкер Қасым Әбжаппаров.

Ол өткен жылы Қазақастанда жоқ жобаны қолға алып, мемлекеттік грантқа ұсынған болатын. Жүгері шаруашылығын дамыту арқылы ақ жүгеріден сусын шығару технологиясына бизнес-жоспар жасады. Осылайша, мемлекеттік «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде ұйымдастырылған гранттық негіздегі конкурсқа қатысты. Жаңашыл жоба жеңімпаз атанып, 3 млн. теңге қайтарымсыз қаржыға ие болды.
– Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында жергілікті жерлерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, тұрғындарды жұмыспен қамтуға баса назар аударуға пәрмен берген болатын. Жолдаудан туындаған басым бағытты жүзеге асыру бағытында Сыр елінде алдағы 3 жыл «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы» болып жарияланды. Бұлда болса, кәсібін дөңгелеткісі келген ынталы кәсіпкерлерге үлкен демеу. Міне, соның айқын дәлелі – «Кәусар» жүгері сусынын шығаратын шағын цехтың іске қосылуы. Бұл өз кезегінде ауылдағы ағайынның әлеуметтік ахуалының тіктелуіне үлкен көмек. Жұмыс көзі ашылып, әрі елдің ала жаздай еккен жүгерісін осы кәсіпорынға өткізуге мол мүмкіндік, – деді Ғалым Махмұтбайұлы.

Кейдендік кәсіпкер мемлекет қолдауымен қатар, аудандық кәсіпкерлер палатасы арқылы «Өңірлік инвестициялық орталықтан» қаржылай қолдау алды. Бастысы – жаңашыл технология қолында. Ендігі тек кәсібін бәсекеге сай дөңгелетіп жүргізу.
Кәсіпкердің айтуынша, бойына А, В, С, Е дәрумені, калий, магний, қант, түрлі пайдалы заттарды жинаған жүгерінің жүз пайдасы бар. Оған қоса, мұндай жүгері өнімінен шығатын сусынға Қазақ тағамтану академиясының президенті, академик Төрегелді Шармановтың өзі жоғары бағасын берген. Академияның сараптау зертханасынан өткізіп, сапалы, құнарлы сусын шығаруға мол мүмкіндігі бар екенін жеткізген. Осындай, ғылыми тұрғыдағы сараптаудан қанаттанған Қасым Әбжаппаров өзі жетекшілік ететін «Әбділда» шаруа қожалығына тиесілі 15 гектар аумақтың 10 гектарына жүгері дақылын сеуіп, бүгінде түгел жинап алды. Өзі егіс егіп, әрі одан отандық табиғи сусынды шығаруға бел байлаған кәсіпкердің шаруасы ширақ. Бұл Елбасы Жолдауында айтылған: «Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің болашағы зор. Көптеген позициялар бойынша әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердің бірі бола аламыз.
Расында, бизнес деген осылай, талпынасың, ерінбесең, еңбегің еселі. Бұл – табыстың өзі һәм көзі. Айтқандай, кәсіпкердің тағы бір үлгі аларлық тұсы. Ол жүгері сусынын құятын пластикалық құты мұқабасындағы «Кәусар» сөзін латын қарпінде жазуды ұйғарыпты. Бұл мемлекет саясатын қолдап қана қоймай, жүзеге асыра білген кәсіпкердің ұтымды бастамасы.
14 қараша 2018 ж. 646 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области