«Пиротехника» рейді жалғасуда
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында қала тұрғындарын қауіпсіздік шаралары туралы құлақтандыру мақсатында Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, басталған «Пиротехника» жедел-профилактикалық рейді өз жалғасын тапты, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz Төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.
Рейд барысында қала аумағында орналасқан «Сыбаға» сауда орталығын аралап, саудагерлер мен тұтынушыларға пиротехникалық бұйымдарды пайдаланудың қауіптілігі жөнінде түсіндірілді.
Сонымен қатар, сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдардың бей-берекет саудасы, сондай-ақ рұқсат құжаттарынсыз сату фактілері анықталып, 65 пиротехникалық бұйымдар тәркіленіп, учаскелік полиция қызметкерлеріне тапсырылды.