Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Алматы тұрғыны әлеуметтік желідегі пікірлері үшін істі болды

Алматы тұрғыны әлеуметтік желідегі пікірлері үшін істі болды

Kyzylorda-news.kz. Алматы қаласының Полиция департаменті ұлтаралық араздықты қоздырған 29 жастағы азаматқа қатысты қылмыстық тергеуді бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы тұрғыны Instagram желісі арқылы саналы түрде ұлтаралық және діни сипаттағы алауыздық тудыратын әрекеттерге барған.
«Ол өткен жылдың күзінде Instagram желісінде азаматша Д.Ахмадиеваның парақшасында өз логинімен өрескел пікірлер қалдырған. Осылайша, бұған дейін де қарақшылық бойынша сотты болған жігіт әлеуметтік желі арқылы ұлттық және діни сипаттағы алауыздық тудырған. Келіп түскен арыздар бойынша полиция ҚР ҚК-нің 174-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын жүргізді. Жедел-іздестіру шаралары барысында алауыздықты насихаттаушының кім екені анықталды. Сот сараптамасы жауапкердің желіде қалдырған пікірлерінде ұлттардың ар-намысына тиетін сөздер болғанын растады. Ол өз кінәсін мойындап, кешірім сұрады» - делінген департаменттің Facebook желісіндегі ресми парақшасында.
Полиция әлеуметтік желі қолданушыларын өзгелердің жеке басына тіл тигізіп, ұлты мен діни сенімін қорлаудан сақ болуға шақырады. Себебі ол үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

17 мамыр 2019 ж. 383 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области