Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚАЖ департаментінде фронт-кеңсе ашылды

ҚАЖ департаментінде фронт-кеңсе ашылды

Kyzylorda-news.kz. Цифрландыру үрдісі Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі ЗК-169/1 мекемесінде де өз дәрежесінде іске асырылуда, деп хабарлайды мекеменің баспасөз қызметі.

Мысалға, Ішкі істер органдарын жаңғыртуға арналған «Жол картасы» бағдарламасы аясында мекемеде сотталушылармен кездесу және адвокат пен қорғалушыға арналған тергеу изоляторында аудио, бейне құралдарын қолдануға жол бермеу үшін фронт-кеңсе ашылды.
Фронт-кеңседе металлға қарсы детектор, адамдарды және қол жүгін тексеруге арналған рентген құрылғысы, мекеменің кезекші бөлімінен көрініп тұратын 4 бейнебақылау камерасы, шағымдар мен ұсыныстарға арналған жәшік және ішкі телефон байланысы бар.
Бұрын сотталушының туыстары мен адвокаттары мекеме алдында сағаттар бойы күтіп тұратын. Енді арнайы контингенттерге кездесуге келген туыстарының кезекте тұруын реттеуге арналған электронды кезек жүйесі қондырылды.
«Бұрын барлық заттарды мекеме қызметкерлері қолдап тексерген болса, қазіргі уақытта құрылғы арқылы сырттан келген барлық заттар сканерлеп өткізілуде. Бұл да мекеме жұмысының тиімділігін, қоғам қауіпсіздігін еселеп арттырды. Мақсатымыз қылмыстық-атқару жүйесі қызметінің ашықтығы мен айқындығын көрсету, азаматтарды қабылдау үшін ыңғайлы жағдай жасау», - дейді мекеме бастығы Алмат Тасқараев.
ЗК-169/1 мекемесінде қылмыс жасады деген күдікпен сот шешімімен қамауға алынған азаматтар, қылмыстық ісі сотқа берілген, сот үкімінің заңды күшіне енуін күтіп отырған және тағы басқа қоғамнан уақытша оқшаулауды қажет ететін тұлғалар қамауда ұсталады.

22 мамыр 2019 ж. 399 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области