Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордадағы Сығанақ қалашығында танымдық экспедициясы өтті (ФОТО)

Қызылордадағы Сығанақ қалашығында танымдық экспедициясы өтті (ФОТО)

Kyzylorda-news.kz. Қазақстандағы көне ірі қалалардың біріне жататын – Сығанақ қаласы кезінде қазақ халқының басын құраған Ақ орданың астанасы болған. Сыр бойының мәдениетті, сәулетті де көрікті әрі саудасы мен қол өнер кәсібі дамыған 15 мұнаралы қорғаны болған қала  Ұлы Жібек керуен жолының бойында  жатқан басты қалалардың бірі.
Бүгінде Сығанақ қалашығы «ЮНЕСКО-ның алдын-ала тізіміне және «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында Республикамыздың «Жалпыұлттық қасиетті нысандар» тізіміне енген.
Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің "Өлке тарихы" ғылыми-зерттеу бөлімі  Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" және "Ұлы даланың жеті қыры бағдарламалық мақалалары және Жастар жылы аясында жас ұрпақты рухани мәдениетке тарту және тарихи-мәдени мұраны насихаттау мақсатында «Сығанақ – Алтын орда төрі» тарихи-танымдық экспедициясын ұйымдастырды. Шараға "Рухани жаңғыру" орталығының қызметкерлері, "Жас Ұлан" ББЖ ұйымының мүшелері, тарихшылар мен музей қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.
«Сығынақ қыр даланың іргесінде әдемілеп салынған шаһар. Ескі дәуірлерде ол өте гүлденіп тұрған үлкен қаланың бірі болған. Бұл шаһардың халқы да көп болған. Қаланың базарында күн сайын 500 түйеге тартылған тауар 500 түйе етінен жасалған кәуап 1000 қой еті, 1500 сиыр  еті сатылып кетіп отырған деп жазған Әлекей Марғұланның «Ежелгі жыр аңыздар» атты еңбегінде. Сығанақ қыпшақ хандарының  құрылтай өткізіп, ақылдасатын ордасына айналған. Ұлы Жібек Керуен жолының бойында жатқан сәулетті де сәнді Сығанақ шаһары Қыпшақ даласының қақпасы атанған. Бұл қаланың қаншама жаудың шапқыншылығын көрседе дамып отырғаның көрсетті. 1219 жылы Сығанақ қаласы манғол шапқыншылығына ұшырайды. Қала халқы 7 күн бойы  берілмей қарсыласып бағады. Бірақ күші басым Жошы қаланы басып алып халқын қырып жойып, қалашықтың күл талқанын шығарады. ХІІІ ғасырда Сығанақ қаласы қайтадан жанданады, көркейеді. Сыр бойындағы саяси және экономикалық орталыққа айналады. Сығанақ қаласы жан–жақтан басып алушылардың аласапыран оқиғаларын басынан өткізігендіктен,құлдырады. Дегенмен, Сығанақ қаласы кезінде мәдениеті өркендеп өнері дамып білім ордасына айналған, үлкен кітапханасы болған ғұламалар шыққан қала. Мәселен, бұл қалашықта ХІІ ғасырдың орта тұсында Хисамеддин Сығанақи дүниеге келген. Оның толық аты–Хусам ад Дин Әл Хусейн бин Әли ас Сығанақи. Мұнда Әли әкесінің аты болса Сығанақ осы қаладан екені белгілі. Осы кіші күмбез сарайда Әл–Сығанақи ақын жерленген  жергілікті жұрт ақынды әулие тұтып, басына құрбандық шалған садаққа берген, бертін келле ол әулиені Сунақата деп атап кеткен», - дейді Жаңақорған  аудандық  тарихи-өлкетану  музейі филиалының экскурсоводы Бақдаулет Хайруллаұлы.  
Шара барысында "Жас Ұлан" ББЖ ұйымының мүшелері сала мамандарынан көптеген мәліметтер алып, өз ойларын ортаға салды. Оқушылардың тарихқа деген қызығушылықтарын байқаған тарихшылар да ХІ ғасырда Қыпшақ мемлекетінің саяси әрі мәдени орталығына айналған қала тұрғындары суармалы егіншілікпен айналысқанын және ауыз су жер асты құбырлары арқылы Сырдария өзенінен келіп тұрғаны жайында тілге тиек етті.  Сондай-ақ, қалашық орнынынан табылған  жер асты құбырлары (лас суларды айдайтын) сол заманда өмір сүрген адамдардың өркениетке ұмтылғандықтарын білдірді.
Республикалық маңызы бар, мемлекет қорғауына алынған тарихи-мәдени мұрамызға 2003 жылдан бастап Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті (ХҚТУ) «Археология және этнология» кафедрасының меңгерушісі тарих ғылымының докторы, профессор С.Жолдасбаевтың жетекшілігімен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп келеді.  2004 жылы қаланың шығыс қақпасының алдынан ғалым, ислам дінінің көрнекті өкілі Хиссамидин  (XIV ғасыр) салғызған мешіт-медресе табылып, 2005-2006 жылдары археологиялық қазба жұмыстары жасалды. 2007 жылы Мешіт-медресе топырақтан тазартылып, «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында қайта қалпына келтірілген болатын.



19 қараша 2019 ж. 481 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области